Мәдениет

Академиктің заттары музей қорына тапсырылды

Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері медицина ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Намаз Ізімбергенұлының еліміздің денсаулық сақтау саласының ілгерілеуіне зор үлес қосқанын білеміз. Ол — Ақтөбе медициналық институтының түлегі.

Өткен аптада марқұм Намаз Ізімбергеновтің зайыбы Тояш Ізімбергенова мен баласы Мирсаид Ізімбергенов Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, академиктің жеке пайдаланған заттарын, құжаттарын, марапаттары мен кітаптарын музей қорына тапсырды.

Астана медицина университеті интернатура жөніндегі кафедрасының профессоры Мирсаид Ізімбергенов әкесі туралы естеліктерімен бөлісіп, Мейрам Дүйсенғали басшылық ететін музей ұжымына алғысын білдірді.

Айта кетсек, елдің сүйікті дәрігері көзі тірісінде «Құрмет» орденімен марапатталды, Ақтөбе қаласының және өзінің туып-өскен Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданының «Құрметті азаматы» атанды.

Сағымбек  ҰЛЫҚПАНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің менеджері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button