Жаңалықтар

300 текше метр қар шығарылды

Облыста соңғы күндері қар қалың түскені белгілі. Қарғалы ауданының жол тазалаушы мердігерлері 3000 текше метрден астам қар шығарды. Аудан орталығының 47 көшесіне бүгінде «Тас Компани» ЖШС мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді.

— Ауылды қардан тазалауға 20 адам тартылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылатын қызметкерлер үнемі тротуарларды тазалаумен айналысады. Сонымен қатар олар орталық саябақты, алаң мен гүлзарларды тазалайды, — дейді Бадамша ауылдық округі әкімінің орынбасары Жомарт Құлманов.

Жыл басынан бері жолдарды қысқы күтіп ұстауға бес миллионға жуық қаражат бөлінген. Бүгінгі күні қарды тазалау және шығаруға автогрейдер, тиегіш және «КамАЗ» секілді бірнеше көлік техникасы қарастырылған.

Ж.Құлмановтың айтуынша, орталық көшелер мен жеке сектордан қар шығару жұмыстары бір уақытта жүргізіліп жатыр.

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button