Жаңалықтар

«Қауіпсіз жол» қорытындыланды

Облыс аумағында  17-19 ақпан аралығында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібінің алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген болатын.

Шара аясында белгіленген қозғалыс жылдамдық ережелерін бұзғаны үшін 1758 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың — 27, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 42 фактісі тіркеліп, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермегені үшін 81 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 332 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту бойынша 66 жол жүру фактісі анықталды.

Сондай-ақ аталған жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауына ерекше көңіл бөлінеді.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button