Жаңалықтар

Ресурстық кабинет ашылды

Тәрбие

Елімізде білім беруді және ғылымды дамытудың  2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Т.Жүргенов атындағы орта мектепте ресурстық кабинет ашылды. Шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысты.

Кабинетті ашудағы мақсат — жалпы білім беретін мектептерде ерекше, яғни мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау.

Қазіргі таңда аталған кабинетте 14 оқушы бар. Бұл жерде балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жүргізіледі, яғни психикалық даму бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, мамандар жан-жақты жұмыс жасайды. Дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог мамандар бар. Сондай-ақ кабинет арнайы құрылғылар мен әдістемелік кітаптар, дидактикалық материалдар, қол маторикасын дамытатын түрлі ойыншықтар, мантесори бөлмесіне арналған сенсорлы үйшік және тағы басқа құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Қ.БАЛЖАНОВА,

Әйтеке би аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button