Білім

Оқушылар кітап дүкеніне барды

Мектеп

 Ақтөбе қаласындағы №60 орта мектепте «2020-2021 оқу жылдарының ең үздік ата-аналар комитеті» марафон-байқауы ұйымдастырылып жатыр.

Аталған мектептің директоры Абзал Тәжімішевтің бастамасымен қолға алынған мектепішілік марафон-байқаудың бірінші кезеңі «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» тақырыбында ұйымдастырылды. Ережеде көрсетілгендей, бұл шарада оқушылар көркем әдебиет пен ертегі кітаптарын оқуға тиіс. Балалардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, олардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған марафон-байқауды Айнұр Отаралина жетекшілік ететін 1«и» сыныбының ата-аналары бірауыздан қолдады. Осылайша мұғалім мен оқушының тынбай еңбектенуінің, ата-ананың қолдауының арқасында бұл сынып нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, індетке қарсы барлық сақтық шараларын сақтай отырып, сынып жетекшісі оқушыларды қаладағы кітап дүкендеріне апарып, балаларға арналған ертегі, өлең кітаптарымен таныстырды. Ал ата-аналар балаларына ұнаған кітаптарын сатып әперді. Осылайша бірінші сынып оқушылары бір-біріне оқыған кітаптарының мазмұнын айтып, кітап алмастырып, оқуға деген қызығушылықтарын танытты.

 

Нұргүл КОХАНОВА,

№60 орта мектептің

1 «и» сыныбы ата-аналар комитетінің төрайымы.

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button