Денсаулық

470 мың медицина қызметкері көтермеақы алды

Медициналық сақтандыру қорының негізгі міндеттерінің бірі — медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыру және коронавируспен күрескен дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету. Наурыздан желтоқсанға дейін 470 мың медицина қызметкері көтермеақы алған. Сондай-ақ 384 мың адам провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларға жатқызылып, емделген. Мобильді бригадалар шамамен 550 мың рет жолға шыққан. 19,7 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға 1,9 миллионнан астам ПТР-тест өткізілген.

Былтыр қор мемлекет пен азаматтардан түсетін жарналар есебінен медициналық қызмет көрсетудің бірнеше бағытына бөлінетін қаржы көлемін арттырды. Бұл бағытқа мамандардың консультациясы, диагностика, күндізгі стационарларда қызмет көрсету, оңалту шаралары кірді. Қор басшысы Болат Төкежановтың айтуынша, адам  медициналық сақтандыру қорын пайдаланбаса, оның төлеген жарнасы өзге  пациенттердің емделуіне  жұмсалды. Қажет болғанда олар бұған көмек береді. Медициналық сақтандыру жүйесі  ынтымақтастық қағидаттарына негізделген.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button