Жаңалықтар

Түлектер ойын алаңын тарту етті

Мектеп

Өткен жылы Шалқар қаласындағы №6 орта мектепте бірқатар игілікті іс-шаралар атқарылды.

Олардың қатарында мектеп түлектерінің атсалысуымен «Біз біргеміз» акциясы аясында салынған жылыжай кешені, «Туған жерге тағзым!» акциясымен қолға алынған «Жеңіс аллеясы», «Түлек kz» бағдарламасымен салынған «Ұстаздар аллеясы» бар.

Жақында «Түлек kz» бағдарламасы аясында аталған мектептің 1995-1996 оқу жылындағы түлектерінің демеушілігімен бүлдіршіндерге арналған ойын алаңының ашылу рәсімі өтті. Шара барысында қала тұрғындары балалары үшін жасалған игілікті іске ризашылықтарын білдірді.
— Мектептің әр жылғы түлектерінің демеушілігімен жүзеге асып жатқан бұл оңды істер оқушыларымызға үлгі болары сөзсіз. Өйткені жастар алдыңғы буын қалдырған қолтаңбаларға қарап, адам еңбегін бағалайды, өздері де іскерлікке ұмтылады. Сондай-ақ аллеяларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен
тәжірибелі ардагер ұстаздарымыздың есімдерін мақтанышпен жазу арқылы да өскелең ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені сіңіреміз,
— дейді мектеп директоры Жаңабай Мусин.
Бүгінде бұл мектепте 623 оқушы білім алып жатыр. Шәкірттерінің білім көрсеткіші де көңілге қонымды.

        Мұхтар МЫРЗАЛИН,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button