Жастар

Темірболаттың көмегі

Темірболат Шәутенов — Тәуелсіздіктің құрдасы. Қазір ол аудандық «Ойыл» газетінде беттеуші болып қызмет етеді.

Темірболат — ауданда пандемия кезінде әлеуметтік көмекті қажет ететін жандарға қол ұшын созып, көмек көрсеткен жастардың бірі. Еріктілер жылында ауданның бастамашыл жастарымен бірге «Рақым» қайырымдылық қорының құрылуына белсене атсалысты. Індет кезінде «Рақым» қорының мүшелерімен бірге аудандағы жалғызбасты қариялар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, көпшіліктің алғысын алды.

Әрдайым белсенділігімен, алғырлығымен көзге түсетін жас былтыр облыстағы еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық «Жыл волонтері-2020» сыйлығын иеленіп, облыс әкімінің қолынан «Birgemiz» ұлттық жобасының «Qamqor» бағытына қосқан үлесі үшін марапатталды.

Індет кезінде өз жұмысын абыройлы атқарып, сондай-ақ аудандағы мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсеткен Темірболатқа ауылдастары да, әріптестері де дән риза.

 Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button