Жаңалықтар

Қалалық мәслихат хатшысы, тұрақты комиссия төрағалары сайланды

Сессия

Қалалық мәслихаттың жетінші шақырылымының бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова, сондай-ақ қала әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қоғамдық кеңес, қалалық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде қалалық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы туралы Ақтөбе аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жездігүл Мұханованың хабарламасы тыңдалды. Сессия төрағасы және қалалық мәслихаттың хатшысы сайланып, мәслихаттың алты тұрақты комиссиясы құрылды, олардың төрағалары бекітілді.

Сондай-ақ Ж.Мұханова жиналғандарға мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы хабардар етті.

Қалалық мәслихаттың бірінші сессиясының төрағасы болып Nur Otan партиясынан ұсынылған депутат Талғат Хамитов сайланса, ашық дауыс беру қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың хатшысы ретінде Nur Otan партиясынан ұсынылған депутат Анар Даржанова сайланды.

Қалалық мәслихаттың 6 тұрақты комиссиясы — экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Мәулен Ғабдулқалиев, әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Асхат Қалжанов, индустриялық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Сұлтан Асанов, аграрлық мәселелер, экология және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Аслан Мусаев, заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Жанна Омарова, сондай-ақ жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болып Талғат Хамитов сайланды.

Сонымен қатар қалалық мәслихатта Nur Otan партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.

Сессияны қала әкімі Асхат Шахаров қорытындылады. Ол депутаттардың жаңа құрамының алдына қойылып отырған міндеттерді бірігіп атқаруға дайын екенін жеткізді. «Ең басты міндет — қала тұрғындарының сенімін ақтау, олардың мүдделерін қорғау, қаланың дамуына үлес қосу»,  —  деді А.Шахаров.

Сессия барысында қала әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы қызметін 15 жыл атқарған Сұлупан Шынтасоваға шынайы алғыс білдіріп, оны   «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы»  төсбелгісімен марапаттап, шығарып салды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАР

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Қала бойынша сайлаушылар тізімдеріне 324 596 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетендерін 154 159 адам немесе 47 проценті алды.
Дауыс беруге 150 535 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 304 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты. Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:
Nur Otan партиясы — 120 247 дауыс
немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 81 проценті;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық
патриоттық партиясы — 10 931 дауыс
немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7 проценті;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 14 029 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9 проценті;
«ADAL» саяси партиясы — 1 775 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1 проценті;
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан да
көп процентін алған саяси партиялар
үшін депутаттық мандаттарды төмендегіше бөлінгені белгіленді:
Nur Otan партиясы — 25 мандат;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық
патриоттық партиясы — 2 мандат;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 3 мандат;
Ақтөбе қаласының аумақтық
сайлау комиссиясы.

ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІ ДЕПУТАТТАР ТІРКЕЛГЕН:

Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша:

  1. Асанов Сұлтан Курванжанұлы, 1987 ж.

«QAZAQTECH» ЖШС бас директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Байлиева Раиса Оразбекқызы, 1975 ж.

«Ақ жол и К» ЖШС кадрлар жөніндегі менеджері

Ақтөбе қаласы

 

  1. Балмағамбетова Айгүл Ізмұханқызы, 1972 ж.

Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылық колледжі директорының орынбасары

Ақтөбе қаласы

 

  1. Балтымова Мира Рашидқызы, 1976 ж.

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің бас ғылыми хатшысы

Ақтөбе қаласы

 

  1. Ғабдулқалиев Мәулен Сәкенұлы, 1992 ж.

«Қазпошта» АҚ Ақтөбе филиалының директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Габдушева Гүлмайрам Жанарысқызы, 1979 ж.

«BANK RBK» АҚ директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Даржанова Анар Нұрлыбекқызы, 1967 ж.

«Атамекен» ӨКП директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Жолдасбаев Шахан Шахмаранұлы, 1980 ж.

«Пандус-ОК» ЖШС құрылтайшысы

Ақтөбе қаласы

 

  1. Жұмашев Аслан Рахметуллаұлы, 1990 ж.

«Аграрлық несие корпорациясы»  АҚ Ақтөбе облысы бойынша директордың орынбасары

Ақтөбе қаласы

 

  1. Ильясов Хайдар Жадитұлы, 1984 ж.

«I com Internet Solution» ЖШС бас директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Қалжанов Асхат Сағитжанұлы, 1983 ж.

«Ақтөбе футбол федерациясы» қауымдастығы»  ЗТБ

вице-президенті

Ақтөбе қаласы

 

  1. Қасымғали Ербол Қасымғалиұлы, 1988 ж.

Атырау қаласындағы «OIL GEO Construction» ЖШС бас директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Мұратова Сәния Бұлқайырқызы, 1970 ж.

«Муратова» ЖК директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Мұқанов Әлімбек Серғалиұлы, 1980 ж.

«Ак руно» ЖШС бас директорының орынбасары

Ақтөбе қаласы

 

  1. Мұсабеков Жалғасбай Берекетұлы, 1980 ж.

«Қазхром ТҰК» АҚ АФЗ директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Мусаев Аслан Геннадьевич, 1977 ж.

«NestleFoodKазахстан» ЖШС сату жөніндегі менеджері

Ақтөбе қаласы

 

  1. Рахиев Сауромбек Раманұлы, 1982 ж.

«Ибис Ақтөбе» ЖШС директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Сақтағанов Абай Дидарұлы, 1966 ж.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ департамент директорының орынбасары

Ақтөбе қаласы

 

  1. Омарова Жанна Батиғұлқызы, 1976 ж.

Ақтөбе облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы

Ақтөбе қаласы

 

  1. Үсімбеков Азамат Есентайұлы, 1989 ж.

«Baisanat-A» ЖШС-нің директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Өтегенов Ардақ Садақбайұлы, 1979 ж.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ әкімшілік департаменті директорының орынбасары

Ақтөбе қаласы

 

  1. Үмбетай Амантай Үмбетайұлы, 1973 ж.

Жеке кәсіпкер

Ақтөбе қаласы

 

  1. Хамитов Талғат Амангелдіұлы, 1973 ж.

«Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қауымдастығы» ЗТБ басшысы

Ақтөбе қаласы

 

  1. Хусаинов Демаш Пиешұлы, 1971 ж.

«RealgazEnerg» компаниясының құрылтайшысы

Ақтөбе қаласы

 

  1. Мұханова Алтынай Ерішқызы, 1959 ж.

«Анаға тағзым» орталығының директоры

Ақтөбе қаласы

 

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша:

 

  1. Махамбетов Нұрлан Жанабекұлы, 1961 ж.

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы» бөлім басшысы

Ақтөбе қаласы

 

  1. Қарабалина Гүлназым Үмбетқалықызы, 1976 ж.

Жеке кәсіпкер

Ақтөбе қаласы

 

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша:

 

  1. Қозыбақов Ұлан Ермекұлы, 1988 ж.

«КМК Строй» ЖШС директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Нұрғалиев Әлібек Нұрланұлы, 1987 ж.

«ШалкарПромХолдинг» ЖШС директоры

Ақтөбе қаласы

 

  1. Степнов Денис Николаевич, 1985 ж.

«Мерген LTD» ЖШС директоры

Ақтөбе қаласы

Басқа жаңалықтар

Back to top button