Пікір

Дауыс беру — болашаққа ұмтылу

Гүлсара РСАЛИНА,

Қызылсу орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

10 қаңтар күні өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы тұтас ел үшін маңызды шара деп білемін. Республикамыздың әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз даусын беруді мәртебелі іс деп қабылдауы қажет. Өйткені ол сайлауға қатысып, өз даусын беру арқылы кемел келешегі мен  жарқын болашағын айқындап алады.

Сайлауда өз таңдауын жасап, дауыс берудің маңызы, Парламент депутаттарымен қатар жергілікті мәслихат депутаттары туралы түсінік еліміздің әрбір азаматына мектептің оқушысы кезінен бастап беріледі.

Мен отыз жылдан астам уақыт білім саласында қызмет етіп келемін. Бұған дейін болған бірде-бір сайлаудан қалыс қалмадым. Бұл сайлауға да қатысып, бұйырса, өз таңдауымды жасаймын. Және осы уақытқа дейін менің алдымнан өткен барлық шәкірттерімнің аталған науқанға белсене қатысатынына сенімдімін.

Бұл сайлаудың өзге сайлаулардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Мәселен, парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл елім деген жастар үшін үлкен қолдау екені сөзсіз!

 Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button