Басты жаңалықтар

«HALYQ SAUDA»: ет сататын бөлім ашылды

«HALYQ SAUDA» шағын көтерме сауда дүкендері желісінің Прохоров көшесі, 12 үйде орналасқан сауда нүктесінде ет өнімдерін сататын бөлім ашылды.

Мұндағы ет өнімдері тек жергілікті мал өсірушілерден сатып алынады және Ақтөбе қаласы бойынша ең төмен бағада сатылады.«HALYQ SAUDA» шағын көтерме сауда орталығының өкілі Аспандияр Есенжоловтың айтуынша, болашақта мұндай ет бөлімін «HALYQ SAUDA» орталығының барлық дүкендерінде ашу жоспарланған.

Әзірге ет өнімдерін сататын бөлім Зауыт көшесі, 43 және 11-шағын аудандағы «Нектар» сауда үйінде орналасқан дүкендерде жұмыс істеп тұр. Жақын күндері Әйтеке би көшесі, 31-үй мекенжайында орналасқан дүкенде де осындай арзан ет сататын бөлім ашылады. Қазір қажет қондырғыларды сатып алып жатыр, — деді ол.

Бүгін сондай-ақ, «HALYQ SAUDA» тауар белгісімен шығарылатын дайын өнімдердің дегустациясы өтті. Дүкенге келген жұрт еттен жасалған өнімдердің дәмін татып, бағасын берді.

Айта кетейік, «HALYQ SAUDA» шағын көтерме дүкені — «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. Бүгінгі таңда облыс орталығында «HALYQ SAUDA»-ның 9 дүкені жұмыс жасап тұр. Оның үшеуінде ет сататын бөлім бар. Тұрғындар бұл дүкендерден азық-түлік пен шаруашылық тауарларын, сондай-ақ ет өнімдерін төмен бағада сатып ала алады.     

      Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button