Білім

Сапалы білім — басты мақсат

«Тәуелсіз елдің тұғырлы білімі». Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік ел» мәжіліс залында осындай тақырыпта жиын өтті.

Шараға әлемдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары, түлектері мен сарапшылары қатысты.

Жиында алдымен сөз алған университет ректоры Бауыржан Ердембеков ел егемендігінің арқасында қол жеткізген жетістіктер туралы айтты.

Басқосуда сарапшылар офлайн және онлайн форматта баяндама жасады.  Лафборо университетінің түлегі (Ұлыбритания ) Нұрбек Дүймұханов пен Сакарья университетінің магистратура түлегі (Түркия) Айдана Құлманова  «Болашақ» бағдарламасының қазақстандық жастарға беретін мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Шара барысында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы халықаралық рейтингтердің рөлі, білім беру жүйесіндегі докторантураның орны және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесі нарықтың жаңа қажеттіліктерін ескере отырып, қайта құрылды. Білім сапасын арттыру — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті үшін басты басымдықтардың бірі. Батыс аймағындағы ірі университет 85 жылда жүз мыңнан астам маман даярлады. Білім беру сапасын арттыру үшін аталған университет халықаралық рейтингке қатысады.  Университетте филология және математика бойынша мамандандырылған диссертациялық кеңестер ашылды.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button