Денсаулық

Сақтандыру қоры  9,2 миллиард  теңге бөлді

Анық-қанық

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының пакеті бойынша, медициналық көмекті  қаржыландыруға қор 9,2 миллиард  теңге бөлді.

МӘМС қорының Ақтөбе облыстық филиалының директоры Б.Нұрғалиевтің айтуынша,  стационарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге 3,0 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға 18,2 мың науқас стационарларда, 11,9 мың адам күндізгі стационарларда емделді. Сондай-ақ  жоғары медициналық 83 қызметке 135,5 миллионнан астам теңге бөлінсе, медициналық оңалту үшін 772,1 миллион теңге жұмсалған. Консультативті-диагностикалық қызметке 2,6 миллиард теңге бөлініп, 1,9 миллион теңгеге  зерттеулер жүргізілген.  Скрининг өткізуге 112,5 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Егер сізге медициналық көмек көрсетілмесе немесе көмек тиісті деңгейде болмаса, 1406 байланыс орталығына, Qoldau 24\7 мобильді қосымшасына және SaqtandyruBot Telegram ботына хабарласыңыз.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button