Денсаулық

378 адам үй карантиніне алынған

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда вирус жұқтырған адамдар күн сайын тіркеліп жатыр. 16 қарашада облыста коронавирус жұқтырған сегіз адам тіркелсе, келесі күні үш адамнан анықталды. Соңғы тіркелген үш адам Ақтөбе қаласының тұрғындары. Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,2%.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3423 адам  тіркелді, оның 49%-ы ауру белгілерімен (1673) және 51%-ы симптомсыз (1747) жағдай. 3299 науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында 2441 адам ауырса,  Әйтеке би — 20, Алға — 94,  Байғанин — 57, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 52, Мәртөк — 73, Мұғалжар — 172, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 122, Шалқар ауданында 113 адам вирус жұқтырған. Жалпы тіркелген 3423  науқастың 3,1%-ы сырттан келген.  474 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 980. Қазіргі таңда үй карантиніне 378 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Індеттің алдын алу үшін сақтану керек. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Қоғамдық орындарда бетперде киіп, антисептикалық сұйықтықтарды пайдаланған жөн. Мүмкіндік болса адамдар жиі шоғырланатын жерге бармаған дұрыс. Той және өзге де отбасылық мерекелерді шектеу керек. Мамандар санитарлық талапты орындап жүру арқылы  індеттің алдын алуға болатынын ескертеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button