Абай — 175

«Қарасөздер» Өзбек тіліне аударылды

«Ұлы ақындардың үндестігі: Науаи және Абай» атты онлайн-конференция барысында өзбек тіліне аударылған ұлы ақын Абайдың «Қарасөздер» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапты өзбек тіліне Якубжан Юлдашев аударған. Ал Әлішер Науаидың «Хамса» атты кітабын өзбек тілінен қазақ тіліне ақын, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлы аударған.

Кітаптардың тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Өзбекстанның Олий Мәжіліс Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Қазақстандағы елшілері, Мәжіліс депутаттары және бірқатар ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

ҚазАқпарат

Басқа жаңалықтар

Back to top button