Абай — 175

Дәурен Тілеухан — бас жүлде иегері

Елімізде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Педагогикалық ғылымдар академиясы мен «Азаматтық бастамалар қолдау орталығының» мұрындық болуымен үлкен жоба өтті. Мақсат — Абай мұраларын және  заманауи мәдениет пен журналистиканы кеңінен насихаттау, жас жазушылар мен ақындардың шығармашылық әлеуетін көтеру.

Ауқымды жоба аясында ұйымдастырылған мүшәйра қорытындысында жерлесіміз Дәурен Тілеухан бас жүлдені иеленді.

Мүшәйра 16-29 жастағы ақындар арасында өтті. Қазылар алқасына Қазақстан Жазушылар одағы поэзия кеңесінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлы төрағалық етті. Мүшәйрада 51 қатысушы сынға түсті. Ережеге сәйкес үміткерлер еңбегі 6 критерий бойынша бағанды.  Нәтижесінде бас жүлдені ақтөбелік ақын Дәурен Тілеухан иеленді. 1-орынды Арман Шеризатов алды. 2-орынды Алпамыс Файзолла, 3-орынды Рысгүл Досжанова еншіледі.

Мұхтар МИРОВ,

жобаның өңір бойынша ұйымдастырушысы,

С.Бәйішев университетінің проректоры,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Басқа жаңалықтар

Back to top button