Футбол
Сонымен, футболдан биылғы маусымдағы ел чемпионаты аяқталып, Қостанайдың «Тобылы» премьер-лигада тұңғыш рет топ жарды.
Соңғы, 32-турда алтыннан үмітті «Ақтөбе» де, «Тобыл» да сырт алаңда ойнады.
Қостанайлықтар «Атырауды» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, ел чемпионы атанса, «Ақтөбе» Қарағандыда «Шахтерді» 1:0 есебімен жеңіп күміспен күптелді.
Ал Астанада жергілікті «Локомотив» командасынан 1:0 есебімен басым түскен «Ертіс» қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл деректер — қорытынды мәліметтің қуанышты тұстары.
Ал өкініштісі… «Ақжайық» пен «Оқжетпес» премьер-лигадағы орындарымен қоштасты. Олардың орындарына жанкүйерлерге бұрынан да жақсы таныс, бірінші лигада биыл үздік шыққан «Восток» (Өскемен) пен «Қайсар» (Қызылорда) келетін болды.
Тұңғыш табыс
«Тобыл» тұңғыш рет ел чемпионы атанып отыр.
Бұл команда бұған дейін төрт рет күміс жүлдеге ие болып (2003, 2005, 2007 және 2009 ж.ж.), үш мәрте қола медаль (2002, 2004, 2006 ж.ж.) алған болатын.
Мергендер
1.Ұлықбек БАҚАЕВ «Тобыл» 16 (6)
2.Нұрбол ЖҰМАСҚАЛИЕВ «Тобыл» 15 (0)
3.Георгий ДАСКАЛОВ «Ертіс» 15 (2)
4.Мозес САКИ «Ақжайық» 14 (5)
5.Данило БЕЛИЧ «Жетісу» 13 (3)
6.Игорь БУГАЕВ «Локомотив» 11 (2)
7.Мұрат ТІЛЕШЕВ «Ақтөбе» 10 (0)
8.Глеб МАЛЬЦЕВ «Ертіс» 9 (0)
9.Самат СМАҚОВ «Ақтөбе» 9 (4)
10.Андрей ФИНОНЧЕНКО «Шахтер» 8 (0)
Қорытынды есеп
1 – 6 орындар
Команда О Ұ Т Ж Доп
1. «Тобыл» 32 19 7 6 53 – 25 64
2. «Ақтөбе» 32 19 6 7 56 – 30 63
3. «Ертіс» 32 16 8 8 39 – 30 56
4. «Локомотив» 32 14 8 10 41 – 28 50
5. «Атырау» 32 13 5 14 36 – 44 44
6. «Шахтер» 32 11 8 13 32 – 30 41
7 – 12 орындар
7. «Жетісу» 32 13 10 9 36 – 26 49
8. «Ордабасы» 32 12 9 11 37 – 34 45
9. «Тараз» 32 9 10 13 36 – 40 37
10. «Қайрат» 32 6 11 15 17 – 38 29
11. «Ақжайық» 32 7 5 20 33 – 58 26
12. «Оқжетпес» 32 6 7 19 24 – 57 25
«Ақтөбе» — даусыз үздік
Бұл жолы күміс жүлде алғаны болмаса Қазақстан футболының бес дүркін чемпионы болған «Ақтөбенің» ең қарымды команда екеніне ешкім дау айта алмаса керек. Мысалы, чемпион атанып отырған «Тобылды» кеше ғана өз алаңында — Қостанайда қандай басымдықпен ұтқанын (5:2) біздің жанкүйерлер әлі ұмыта қойған жоқ. Әрине, қостанайлықтар да ұяла еске алып қоятын шығар.
Одан әріге жылжысақ, командамыздың Мәскеуде өткен Достастық кубогында Қазақстан клубтарының қолы жете қоймаған белеске — финалға шыққанын мақтанышпен айтар едік.
Әйгілі Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарында алғашқы жеңістерді әкелген де — біздің «Ақтөбе».
Жерлестеріміздің ысқаяқ ұжымдар — «Хапоэль» немесе «АЗ Алкмаар» командаларын жеңуі де биылғы чемпионат барысындағы бекеттер.
Енді аяқталған чемпионатқа қатысты нақты цифрларды таратып көрелік.
Біздің команда қарсыластар қақпасына ең көп доп соққан нағыз үздік — 56 доп (әр ойында соғылған доптың орташа есебі — 1,75).
Бірінші орынға шыққан «Тобыл» 53 доп соқса, қола жүлдегер «Ертіс» 39 доппен шектеліпті.
Бір қызығы, «Ақтөбенің» сырт алаңда арқасы қызып кетеді екен. Егер өз алаңымызда қарсыластар қақпасын 27 рет дәл көздесе, түздегі қимылы бұдан сәл артып түседі — 29.
Бұған қоса мергендер біздің командамызда өзгелерге қарағанда көптеу. Теңбіл допты 17 ойыншымыз қарсыластар қақпасына тура бағыттапты. Ал «Тобыл» мен» «Локомотивтің» бұл ретте бізден төмен тұратын көрсеткіштері бірдей — 13.
Біздің мергендеріміз:
1.Мұрат ТІЛЕШОВ 10
2.Самат СМАҚОВ 9 (4)
3.Эмиль КЕНЖЕСАРИЕВ 7
4.Марат ХАЙРУЛЛИН 6
5.Аслан ДАРАБАЕВ 5
6.Титти ЭССОМБА 3
7.Иван ПЕРИЧ 3
8.Евгений АВЕРЧЕНКО 2
9.Андрей КАРПОВИЧ 2
10.Константин ГОЛОВСКОЙ 2
11.Юрий МОКРОУСОВ 1
12.Тимур ДОСМАҒАМБЕТОВ 1
13.Юрий ЛОГВИНЕНКО 1
14.Халифа БА 1
15.Сергей СТРУКОВ 1
16.Мақсат ҚҰРМАШЕВ 1
17.Сергей ЛИСЕНКОВ 1




