Пікір

Ізгі істердің іргетасы

Светлана БАЛПЕИСОВА,

кәсіби медиатор,

облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі

Әлемді жайлаған пандемия елді есеңгіретіп тұрған уақытта Қазақстан халқын нақты стратегиялық дамуға бастайтын Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауы көңілімізге берік орнады.
Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ерекше екпін берді. Президентіміз Қ.Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына да кеңінен тоқталды. Жоғарыда көтерілген мәселелердің барлығы да адам өміріне тікелей қатысты.

Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу толық  жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға жаңа міндеттер жүктейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жұмыла еңбек етейік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button