Денсаулық

Медициналық сақтандыру

Медицина

Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 15,3 миллион адам сақтандырылған.

1 қыркүйектегі мәлімет бойынша медициналық сақтандырудан 3,4 миллион адам тыс қалған. Бұл туралы  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

3,4 миллион адам —  халықтың 18 пайызы. Оның ішінде 2 миллионнан астамы бірыңғай жиынтық төлем төлеуші, дербес төлеуші, жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкер және  жеке практикамен айналысатын азаматтар. Олардың атынан қорға тұрақты түрде  аударым  түспегендіктен,  жүйеден тыс қалған. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 1,3 миллион адам МӘМС жүйесіне бірде-бір рет жарна мен аударым жасамаған. Биыл 1 шілдеде  медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік кезеңі аяқталды.  Қор пандемия кезінде сақтандыру мәртебесін жоғалтқандарға көмектесу үшін  Үкіметке бірқатар ұсыныс жасады. Нәтижесінде медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адам қайта енді.

Азаматтар сақтандыру жүйесіне қатысу үшін жыл басынан бері қорға ай сайын үздіксіз төлем жасауы тиіс. Сақтандырылған азаматтар үшін медициналық қызметтердің көлемі мен құнына қатысты шектеу жоқ. Осы ретте сақтандырылмаған азаматтар жүйеге енуге асығуы тиіс.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button