Абай — 175

Абай әндерін орындап, байқауға қатысыңыз!

Байқау

Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» мекемесі 15-30 қыркүйек аралығында ұлы Абайдың 175 жылдығына орай облыста тұратын түрлі этнос өкілдері арасында «Көзімнің қарасы» атты онлайн форматтағы ән байқауын жариялайды.

Байқауға барлық этнос өкілдерінің солистері, дуэттері, хор ұжымдары мен ансамбльдері қатыса алады.

Қатысушылар Абай Құнанбайұлының бір әнін (мүмкіндігінше көп орындалмаған әнін)

жанды дауыста өз таңдауымен орындап, ұзақтығы 4 минуттан артық емес бейнежазба түсіруі керек. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бейнежазбалар 30 қыркүйекке дейін kogamdykaktobe@mail.ru электронды пошта арқылы қабылданады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button