Жаңалықтар

Өрттен сақтаныңыз!

Бүгінгі күні егін алқаптарында астық пісіп, диқандар өнім жинауда. Осы орайда жаздың құрғақшылығы мен өткен жылғы өртке қатысты қауіпті оқиғалар мен деректерді ескере отырып, Ақтөбе қаласының аумағында дала жұмыстары кезінде сақталуы тиіс өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ескерткіміз келеді.

Өсірілген өнімді жинау және сақтау кезінде кез келген абайсыздық немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау өрттің болуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан егін жинау кезінде өрт оқиғаларының алдын алу үшін биыл облыстық төтенше жағдай департаменті қызметкерлері егістік басында және егін жинау алқаптарында өртті болдырмауға бағытталған бірқатар алдын-алу жұмыстарын жүргізді және бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, астық жинау науқаны кезінде өрттің пайда болуының негізгі себептері мыналар: егістік алқаптарында фермерлердің сабанды рұқсатсыз жағуы, пайдаланылатын техникалардағы электр жабдықтарының ақаулығы, ұшқын сөндіргіштердің болмауы, механизаторлардың дала жағдайында қозғалтқыштардың радиаторларында шаңды жағу үшін ашық отты қолдануы, темекі тұқылының сөндірілмеуі, т.б.

Егер өрт шыққан жағдайда, ең алдымен, «101» немесе «112» нөмірін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз. Есіңізде болсын, аталған ережелерді қатаң ұстансаңыз, өз өміріңіз бен дүние-мүлкіңізді сақтай аласыз.

Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button