Абай — 175

Румынияда ұлы ақынның бюсті ашылды

Румынияда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды.

Салтанатты шарада елші Нұрбах Рүстемов Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында бюсттің ашылуы Қазақстан мен Румыния арасында өзара достықтың айқын нышаны екенін атап өтті.

Шарада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне және Бухарест мэриясына қазақ ақынының Румынияда мәңгі есте қалуына қосқан баға жетпес үлестері үшін ерекше алғыс білдірілді. Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску және Парламент депутаттары палатасының вице-спикері, «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық тобының төрағасы Флорин Иордаке әлемдік деңгейдегі ұлы ақынның бюстінің орнатылуы Бухарестің тарихи оқиғалар тізбесі қатарына қосылатынын, сондай-ақ әлемдік мәдениетке қосқан үлесі үшін қазақ халқына деген құрметті білдіретінін баса айтты.

Іс-шара аясында «Қарасөздерді» румын тіліне аударған белгілі лингвист Антоанета Олтеану ақынның өмірі туралы айтып берсе, балабақша тәрбиеленушілері Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды.

 Данагүл ҚАЗИХАН. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button