Абай — 175

Неміс әдебиеттанушысы «Достық» орденімен марапатталды

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Абай шығармаларының аудармашысы, белгілі неміс әдебиеттанушысы Леонард Кошутқа ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады, — деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Достық» ордені неміс әдебиеттанушысына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай тапсырылған.

Л.Кошут Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында 2007 жылы Герольд Бельгермен бірге Абайдың «Қарасөздерін» неміс тіліне аударған, ал 2018 жылы «Zwanzig Gedichte» деп аталатын неміс тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағын жариялады. Сонымен қатар Л.Кошут Олжас Сүлейменовтің «Көшпенділер азимуты» атты поэзия жинағын неміс тіліне аударған.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button