Денсаулық

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

2020 жылдың 15-қыркүйекте облыс бойынша COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3230 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1579) және 51%-ы симптомсыз (1651) жағдай. 3031 (94%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2327 жағдай, оның ішінде (1043 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 93 (75), Байғанин – 58 (37), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 26 (15), Мәртөк – 48 (20), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 191 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 99(50), Шалқар ауданы – 105 (59).
Жалпы тіркелген 3229 науқастың 2,2% (70) сырттан әкелінген, 13,6% (440) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 49,4% (1592) жергілікті жағдайлар және 35% (1123) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 42 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button