Пікір

Бұл — басты бағдарымыз

Болат ШАЙМОВ,

Темір аудандық мәслихатының бөлім басшысы.

Жолдауда еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары баяндалып, басты назар экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналғаны қуантты.

Елімізде заңның үстемдігін орнату арқылы азаматтарымыздың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылатын шаралардың халық үшін маңызы өте зор. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметтерін қысқартуды және үнемделген қаржыны қызметкерлердің жалақысын көтеруге бағыттайтыны мемлекеттік қызмет үшін тиімді жаңалық деп есептеймін.
Жер мәселесі жөнінде де жақсы айтылды. Әсіресе, жерді кәсіпкерлерге беру және шетелдіктерге сатылмайтыны ауыл шаруалары үшін қуанышты хабар болып жетті.

Зияткер ұлт қалыптастыру мақсатында жас буынның ерінбей еңбек етіп, бұл жолда адал, ұқыпты, тиянақты болуы үшін жағдай жасалып жатыр. Ел Президентінің жастардың салауатты өмір салтын ұстану үшін спорт кешендерін салу жөніндегі тапсырмасы да орынды деп білемін.

Жоғарыда аталған мәселелер ауданымызда ескеріліп, оны басты бағдар етіп алуымыз — нұрлы болашаққа бастар жол деп ойлаймын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button