Абай — 175

Сұңғаттың жеңісі

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 1-30 тамыз аралығында онлайн режимінде өткен «Талантты жастар» халықаралық өнер және білім байқауында ақтөбелік жас Сұңғат Жарас бас жүлдені иеленді.

Вокал жанры бойынша өнер көрсеткен Сұңғат байқауда «Қазақстаным» әнін орындаған.

Жалпы байқауға 200-ге жуық талапкер қатысқан. Бұған дейін де бірнеше байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болған өнерлі жас қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге лайықты деп танылған.

Сұңғат бүгінгі күні халықтық «Сұңқар» вокалды ансамблінің «Бастау» тобында өнер көрсетеді. Ансамбль жетекшісі — Ләззат Медетова.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button