Жаңалықтар

Мигранттарды тіркеу орны өзгерді

Қызмет көрсету

3 қыркүйектен бастап аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтары еңбек мигранттарының көшіп келуіне рұқсат беру бойынша қызмет көрсетуді бастады.

Әзірге бұл мемлекеттік қызмет бойынша жоба Алға, Мәртөк, Мұғалжар және Хромтау халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске қосылды.

Бұған дейін облыс аудандарында «Еңбек мигранттарының көшіп келуіне рұқсат беру және ұзарту» қызметі полиция бөлімшесінде жүргізілген болатын. Енді бұл қызмет түрі аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарамағына беріледі.

— Бұл шешімнің негізгі мақсаты —  бизнестік процесті жетілдіру, жұмысты оңтайландыру және халыққа қызмет көрсету орталығы мен көші-қон қызметі органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы мемлекет пен тұрғындар  арасындағы өзара іс-қимылды барынша оңайлату, — дейді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ұлбике Оспанова.

Алдағы уақытта бұл қызметті облыстың барлық аудандары бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына ауыстыру жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері облыста көшіп келушілерге рұқсат беру бойынша 5.396 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button