Білім

Жаңа оқу жылы: кезекші топтар мен жеке сабақтар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылына әзірлік туралы брифинг өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет пен облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева қатысты.

Облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 769 кезекші топ ашылды. Онда 8091 балапан барады. Жағдай жақсарғанда арақашықтықты сақтай отырып, толық топтар ашылатын болады.

Қазір барлық (мемлекеттік, жеке) мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама Ақтөбе қаласында balabaksha.akt.kz, аудандарда  eaktobe.kz жүйелері арқылы берілуде.  Кезекте тұрған ата-аналар жолдаманы кедергісіз ала алады.

Қосымша білім беру ұйымдарында эпидемиологиялық жағдайға байланысты  ата-аналардың өтініші бойынша  жұмыс қашықтан оқыту форматы және штаттық  режимде жүргізілетін болады. Үйірме жұмысы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, кіші топтарда немесе жеке сабақтар арқылы  ұйымдастырылады, — деді Мейрамбек Шермағамбет.

7466 (173 үйірме) бала дәстүрлі, 28 228 (489 үйірме) бала қашықтан білім алады деп жоспарланып отыр. 145 үйірмеде жеке сабақтар ұйымдастырылады.

Бүгінгі күні облыста 6370 білім алуға ерекше қажеттіліктері бар бала тәрбиеленуде. Жаңа оқу жылында  2 арнайы мектеп-интернатта оқу процесі толық қашықтан ұйымдастырылады.  2 арнайы мектепте кезекші сыныптар ашылатын болады. 125 ерекше бала кезекші сыныпта және 421 бала қашықтан оқиды.

3 арнайы балабақшада кезекші топтар жұмыс жасайды. Өңірдегі 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және 1 облыстық арнайы оңалту орталығы штаттық режимде қызмет етуде.

Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 17 823 бала қабылданды.

1-сыныпта бағалау жүргізілмейді, — деді облыс әкімінің орынбасары.

19 146  компьютерді алуға республикалық  бюджеттен 2 млрд  944 млн теңге қарастырылып отыр. Жергілікті бюджеттен 5459 компьютер (1 млрд 91 млн теңге) алынады. Жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен қосымша 3771 компьютер алынатын болады.

Оқулықтар сатып алуға 1 млрд 717,0 млн  теңге бөлінген.

Оқушыларды оқулықтармен қамту мақсатында 18 баспамен 182 келісімшарт жасалды. Балалардың барлығына оқулықтар жеткілікті болады, — деді Мейрамбек Шермағамбет.

Облыста үш ауысымды және апатты, ескі мектептерді жою мақсатында 20 мектептің (13 мектеп, 7 қосымша құрылысы жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетілген шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет пен облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева тұрғындар сауалдарына жауап берді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button