Денсаулық

Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

29.08.2020 ж.

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 шілдедегі №46, 2020 жылғы 14 тамыздағы №47,  2020 жылғы 15 тамыздағы №48, 2020 жыл 28 тамыздағы №50 қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына:

1.1. тыйым салынсын:

– конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;

– ойын-сауық мекемелерінің  (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), балалар ойын алаңдары және аттракциондар, жабық үй-жайлардағы, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне;

– балаларды сауықтыру лагерлері қызметіне;

– кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

– балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар және ересектер білім беру орталықтарына;

– фудкорт, банкет залдарының қызметіне;

– қалалық және қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің жұмысына;

– театрлардың, концерттік залдардың жұмысына.

1.2. Демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мынадай объектілердің қызметі тоқтатыла тұрсын:

– сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтарында тұрған азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;

– азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлар;

– сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілер;

– фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, спорттық кешендер;

– сауналар;

– діни объектілер;

– ашық ауадағы аттракциондар.

1.3. InfoKazakhstan.kz сайттан электронды форматта берілетін санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы актісі болған жағдайда және оны қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіре берісінде көрнекті жерде орналастырғанда қызметіне рұқсат берілсін:

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, СОО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері (объектіде келушілердің 30% – дан аспауы қажет, 1 келушіге – 4 м2), жұмыс күндері сағат 10.00 – 20.00 дейін;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (объектіде келушілердің 30% – дан аспауы қажет, 1 келушіге – 4 м2), жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 18.00 дейін;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (объектіде келушілердің 30% – дан аспауы қажет, 1 келушіге – 4 м2), жұмыс күндері сағат 10.00 – 18.00 дейін;

– ашық ауадағы ауыл шаруашылық, мектептік және азық-түлік жәрменкелер күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отыра демалыс күндері сағат 09.00 – 18.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 7 және 16 қосымшаларына сәйкес, сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4м2), жұмыс күндері сағат 10.00 – 20.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 8 қосымшасына сәйкес, фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтарының (алдын ала жазылу бойынша, объектіде келушілердің 50% – дан аспауы қажет, 1 келушіге 5м2), жұмыс күндері сағат 07.00 – 21.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысынның 16 қосымшасына сәйкес, қоғамдық моншалар (объектіде келушілердің 50% – дан аспауы қажет, 1 келушіге 4м2), жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысынның 16 қосымшасына сәйкес, сауналар (объектіде келушілердің 50% – дан аспауы қажет, 1 келушіге 4м2), жұмыс күндері сағат 08.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысынның 3 қосымшасына сәйкес, балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар және ересектер білім беру орталықтарының (топта 5 адамнан артық емес, жазба бойынша), жұмыс күндері сағат 11.00 – 18.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 14 қосымшасына сәйкес, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезекші топтарының (жас тобына қарай 15 адамнан артық емес), жұмыс күндері сағат 07.30 – 18.30 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 1 қосымшасы, 2 бөліміне сәйкес, ашық ауадағы аттракциондардың (қашықтық, маскалар, ағынды реттеу) жұмыс күндері сағат 10.00 – 20.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 21 қосымшасына сәйкес, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, үй-жайлардағы залда және ашық ауадағы 30-дан аспайтын отыратын орындарды орнатумен қоғамдық тамақтану объектілерінің, отыратын орындары 30-дан төмен объектілерде толымдылығы есептік күшінің 50%-нан аспауы тиіс, жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 22.00 дейін;

– көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысын (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 22.00 дейін.

– ашық ауада жеке және топтық жаттығулардың (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулардың (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұру, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу);

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс жасауда қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкерлер болғанда);

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 17 қосымшасына сәйкес, келушілерді 80%-нан асырмай толтыра отырып, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызметіне;

– дәріханалар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отыра штаттық режимінде;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 21 қосымшасына сәйкес, азық-түлік дүкендерінің, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 21 қосымшасына сәйкес, азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендердің жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 20.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 13 және 28 қосымшаларына сәйкес, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік кәсіпорындардың жұмысын, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметіне жұмыс күндері сағат 08.00 – 18.00 дейін, өзіндік жұмыс режимі оргатылған үздіксіз өндірістік циклі бар объектілерді қоспағанда;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 6 қосымшасына сәйкес, халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, доңғалақ жөндеу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (типографиялық қызмет, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау, кір жуу және т.б.) жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 – 18.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), айырбастау пункттері, ломбарттардың қызметіне жұмыс уақыты сағат 10.00 – 20.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, ХҚКО-ның жұмыс уақытын  сағат 9.00 ден 18.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, сағат 9.00 ден 18.00 дейін  және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыруды;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз ету;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 15 қосымшасына сәйкес, қалаларда қоғамдық көліктің жұмыс күндері штаттық режимінде, демалыс және мереке күндері 06:00-ден 21:00-ге дейінгі уақыт аралығында (автобустардың, шағын автобустардың және басқалардың) желіге барынша шығуымен, біркелкі қозғалыс кестесімен, отыратын орындар саны бойынша қоғамдық көліктің толымдылығымен қоғамдық көліктің (автобустардың, шағын автобустардың және т.б.) ең көп шығуымен қамтамасыз етілсін. Күн сайын автобус салондарын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, әрбір рейс алдында (оқытылған персонал немесе мамандандырылған ұйым) өңдеу жүргізу;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 20-қосымшасына сәйкес, ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.);

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 16-қосымшасына  сәйкес, бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы) жұмыс күндері сағат 07.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 8-қосымшасына  сәйкес, спорт кешендері (жеке және топтық жаттығуларда 5 адамнан аспау керек), жұмыс күндері сағат 07.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 9-қосымшасына  сәйкес, мәдениет нысандары (жеке, ұжымдық дайындықтар 30 адамнан аспау керек),  мұражайлар, кітапханалар, жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00 – 18.00 дейін;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 15-қосымшасына  сәйкес, қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына;

1.4. қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата маскаларын міндетті түрде кию, мыналарды қоспағанда:

– бес жасқа дейінгі балаларға;

– қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда;

– әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жеке және топтық спортпен шұғылданатын адамдарға;

– медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға.

1.5. қамтамасыз ету:

– карантин режимін, шектеу және эпидемияға қарсы іс-шараларды

сақтау;

– саябақтарда, гүлзарларда серуендеу кезінде 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғану құралдарын пайдалана отырып жүріп-тұруын;

          – 65 жастан асқан тұрғындардың қозғалысын шектеуді.

2 Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына қамтамасыз ету:

2.1. шектеу, оның ішінде карантинді іс-шараларын енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;

2.2. кәсіпкерлермен бұзушылықтарды уақытылы жою шараларын қабылдау мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

2.3. кәсіпкерлік субъектілерін шектеу, оның ішінде карантинді іс-шараларын енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтында орналастыруды;

2.4. InfoKazakhstan электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда бизнес объектілерінің қызметін қайта қосылуына арналған актіні электрондық беруді.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына қамтамасыз ету: қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.
  2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының білім басқармасына 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:

контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептер;

– мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кезекші сыныптары, 1-4 сыныптың ата-аналарының арызы бойынша, сабақтардың толық жиынтығын ескере отырып, 15 баладан аспайтын;

– арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар.

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

5.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

5.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                            Н.А. Беркімбаева

 

Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №ПГСВ-51қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

  1. «Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 04 шілдедегі №ПГСВ-42 қаулысы;
  2. «Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын ұзарту туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 шілдедегі №ПГСВ-43 қаулысы;
  3. «Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын ұзарту туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №ПГСВ-45 қаулысы;
  4. «Ақтөбе облысының аумағында қатаң шектеу мен карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы №ПГСВ-49 қаулысы (Заң бұзушылықтарды жою туралы 2020 жылғы 28 тамыздағы №2-03-20-08610 ұсынысқа сәйкес күші жойылады);
  5. «Ақтөбе облысының аумағында қатаң шектеу мен карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамызындағы №ПГСВ-49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 тамыздағы №ПГСВ-50 қаулысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button