Жаңалықтар

Автокөлік және пәтер кілтін табыстады

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Алға ауданында болып,  экотуризм және әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарын қарап, шаруашылықтарға барды.

Облыс әкімі алдымен Бестамақ ауылдық округіндегі №42 разъездегі сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудан орталығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Наурыз, Чапаев, Желтоқсан, Шиелі көшелерін аралады.

Жұмыс сапары аясында Оңдасын Оразалин аудан орталығындағы Есет батыр атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшыларына автокөлік, ал көпбалалы үш отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстады.

Бұдан кейін облыс әкімі «Өтеғұл-1» шаруа қожалығында болып, ауданда ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Сондай-ақ аудандағы мал, егін шаруашылығын дамыту, пайдаланылмаған жерлерді игеру, несие және субсидия беру мәселелері талқыланды.

Облыс әкімінің Алға ауданына барған жұмыс сапары жөнінде толық материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button