Жаңалықтар

Шекараның құлпы берік

Атаулы күн

18 тамызда  Қазақстанның Шекара қызметі қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. 1992 жылы дәл осы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шекара әскерлерін құру туралы»  Жарлыққа қол қойған болатын.   

Қарғалы ауданы Ресей Федерациясымен шектесетін шекаралас аудан. Шекарада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Әлімбет» шекарашылар бөлімі қызмет етеді. Бөлім басшысы, подполковник Ерлан Абзаловтың айтуынша, бүгінгі таңда «Әлімбет» шекара бөлімінің учаскесінде мемлекеттік шекараны күзету жедел-әскери әдіс арқылы жүзеге асырылады:

—  Біздің қырағы шекарашылардың басты міндеті — мемлекеттік шекараның, жалпы шекаралық режимнің жұмысын қадағалау. Ресей тарапынан да, Қазақстан тарапынан да шекарадан өту пунктін айналып өтуге тырысатын азаматтар бар. Мәселен, өткен жылы бірқатар дерек тіркелді. Қазір карантинге және шекаралардың жабылуына байланысты мұндай жағдайлар мүлде жоқ деуге болады. Біздің учаскеміздегі, жалпы Ақтөбе облысы бойынша департамент учаскесіндегі шекараның ұзындығы өте үлкен. Сондықтан шекарашыларға зор жауапкершілік жүктелетіні белгілі.  Кәсіби мереке қарсаңында Отан қорғау жолында қызмет етіп жатқан қырағы қырандай жігіттерімізге мықты денсаулық тілеймін, —  дейді ол.

Қанат БАХТИЯРОВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button