Білім
73 психолог білімін жетілдірді

Тренинг
Жақында Ақтөбе қаласының орта мектептері мен колледждерінің білім беру психологтері (3 топ) «Жасөспірімдердің психикалық күйзелістерін психологиялық-педагогикалық түзету» тақырыбы бойынша онлайн-тренингті аяқтады. Тренингті аймақтық тренерлер, «Bilim Foundation» қоғамдық қорының Ақтөбе облысының үйлестірушілері жүргізді.
Курс екі блоктан тұрады. Біріншісі — ақпараттық блок. Бұл бойынша жұмыстар сәуір айында өтті. Екіншісі — жасөспірімдердің психикалық күйзелістерін психологиялық-педагогикалық түзету мақсатындағы жаттығу блогы. Курстың екінші бөлігін 73 психолог аяқтады.
Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.