Білім

Жергілікті бюджет қаражаты: 80 грант

Талапкер-2020

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант тағайындалды.

Бұл 80 грантты тағайындау облыс әкімдігінің комиссиясында қаралды.  Грант бөлу барысында өңірдің еңбек нарығының қажеттілігі ескерілді. Маусым айында өткен комиссия отырысында қажетті мамандар, ал тамыздың 4-і күнгі жиында сол мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары анықталды. ​Келесі кезеңде грант иегерлері анықталатын болады, — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

​Оның айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін талапкерлердің өтініштері республикалық гранттың қорытындысы белгілі болғаннан кейін — 16,17,18 тамызда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік университетінің базасындағы қабылдау комиссиясында қабылданады. Талапкерлер виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы электронды сандық қолтаңбасыз грантқа құжаттар тапсыра алады.

​Айта кету керек, аталған конкурсқа мектеп түлектері қатысу үшін белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш; білімі туралы құжаты (түлнұсқа); ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаттары;  086-У нысаны бойынша медициналық анықтама (оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады); жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қажет. Ал колледж түлектері үшін (тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар мамандар) қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады: еңбек кітапшасы;  ұйымның мөрімен куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім; қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама; бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер; жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты; жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;  жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің виртуалдық қабылдау комиссиясының Call-орталығы: ​8-7132-54-39-74, 8-747-518-35-83, 8-708-628-72-89, 8-700-129-10-81. WhatsApp: 8 747 518 35 83.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button