Денсаулық

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 20 жағдай тіркелді

(2020 жылғы 21-шілдедегі мәлімет бойынша)

21.07.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 50 жағдай тіркелді. Оның 20-інің клиникалық симптомдары бар, ал 30-ы симптомсыз ауру.

Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындылары 1944, 1995, 1948, 1982, 1946, 1952, 1962, 1964, 1955, 1957жылғы 10әйел адамға, 2020 жылғы балаға, 9 ер адамға – 1948, 1943, 1954, 1969, 1959, 1964, 1941, 1937, 1993 жылғы азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың төртеуі – Қарғалы ауданынан, біреуі – Темір ауданынан, біреуі – Шалқар ауданынан, қалғанының барлығы – Ақтөбе қаласының тұрғындары.

12пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген, 7 адамда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу кезінде, 1 адамда профилактикалық тестілеу кезінде қауіпті індет анықталған.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

21.07.2020 ж. жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2803 адам(1344– симптомды, 1459 – симптомсыз) тіркелген, жазылып шыққаны – 1233 адам.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button