Басты жаңалықтар

Ақтөбеде «Halyq Sauda» пилоттық жобасы іске асырылды

Жоба аясында азық-түліктер арзанға сатылуда

Ақтөбе қаласындағы Малышка шағын ауданында «Halyq Sauda» шағын көтерме сауда орталығы ашылды. Мұндағы азық-түлік өнімдерінің барлығы делдалдардың араласуынсыз, яғни өнім өндірушілерден тікелей алынады. Сол себепті нарықтағы бағадан арзан. 

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Halyq Sauda» шағын көтерме дүкенінің жұмысымен танысты.

Бұл — «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның бастамасымен облыс бойынша ашылған алғашқы сауда орталығы. «Halyqsauda» жобасы аясында облыс орталығында жалпы 17 дүкен ашу жоспарланып отыр.

«Halyq sauda»жобасының басты мақсаты — халықты бағасы қолжетімді әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету. Нарықта бағаның өсуі делдалдардың көп болуына байланысты. Сондықтан да халық тұтынатын өнім бағасы қымбаттап кетеді. Бұған жол бермеу үшін «Halyq sauda» жобасын қолға алдық. Бұл — пилоттық жоба. Біз осы аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін ескере отырып, сауда жүргізуді жоспарлап отырмыз. Өнім өндіруші ұсынған бағаға 15 пайыз ғана қосылады. Одан артық үстеме баға қосылмайды, — деді «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Ермек Имантаев.

Аталған сауда орны дүкен-қойма үлгісінде жұмыс істейді. Мұнда 100 түрлі тауар сатылады. Оның ішінде әлеуметтік маңызға ие 19 түрлі азық-түлік бар. Негізінен, жергілікті өнімдерге басымдық беріледі. Сырттан әкелініп жатқаны — қарақұмық, күріш, қант, сұйық май. Мұндағы өнімдертұрғындарғашектеусізкөлемдесатылады.

Айта кету керек, Малышка ауданындағы«Halyqsauda» жобасы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен оныңсеріктестері: «СХФ Пригородный» ЖШС, «Бриг» ЖШС және «SMART TRADE» саудаүйімен («Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерліккорпорациясымененшілесұйым) бірігіпжүзегеасырылыпжатыр.

Жоспар бойынша Ақтөбе қаласының халық көп шоғырланған шағын аудандарында жалпы саны 17 шағын көтерме дүкен ашылады. Болашақта облыс бойынша «Halyq sauda» дүкендер желісін дамытқымыз келеді.

Бір дүкен орта есеппен әр шағын ауданның 20-40 мың тұрғынына қызмет көрсетуі керек. Өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерін осы сауда орындары арқылы сатамыз. «Halyq sauda» жобасы,расында да, халықтық жобаға айналады деп үміттенеміз. Жобаның ерекшелігі, облыс тұрғындары үшін бағасы қолжетімді, үйге жақын орналасқан сауда орындары көбейеді, ал жергілікті кәсіпкерлер дүкеннің үздіксіз жұмыс істеуіне өз үлестерін қосады, әрі өз өнімдерін өткізеді, — деді Ермек Имантаев.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, «Haly qsauda» жобасы өз кезегінде жергілікті тауар өндірушілер үшін нарыққа жол ашумен қатар,тұралап қалған активтерді жандандыру, қаланың көлік жүйесінің жүктемесін азайту, дүкендердің айналасын абаттандырып, қала сәулетіне көрік қосу секілді бірқатар мәселелерді шешуге тиіс.

Шара барысында«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Бақыт облыс әкімі Оңдасын Оразалинге онлайн сауда жасауға арналған MY DUKEN мобильді қосымшасын таныстырды. Бұл— азық-түлікті жылдам жеткізетін инновациялық жоба.

  • Шектеу шараларына байланысты тұрғындардың халық көпшоғырланатын жерлерден аулақ болуы үшінде осы қызметтүрінің пайдасы мол.

Жобаның басты артықшылығы—үйден шықпай-ақ, тауарларға тапсырыс беруге болады және төлем жасауға ыңғайлы. Осы қосымшаны пайдалану арқылы басқа қалада тұратын баласы ата-анасына азық-түлік алып беруіне болады. Онлайн дүкенде 700 түрлі тауар бар.

Электронды сауда қызметін іске асыру үшін кәсіпкерлерді серіктес болуға шақырамыз. Жергілікті тауар жеткізушілер болсын, шетелден тауар тасушылар болсын, өз тауарларын электронды сауда алаңына шығара алады. Біз оларды бөлшек саудаға саламыз, — деді Арман Бақыт.

«Ақтөбе» ӘКК облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіп жатыр. Бүгінде қажетті азық-түліктің қоры жасақталған. Базардағы баға көтерілген кезде жағдайды тұрақтандыру үшін қордағы өнімдер төмен бағамен сатылады.

Оңдасын Сейілұлы, осы сәтті пайдаланып, сізге ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Биыл тұрақтандыру қорын жасақтау үшін (мемлекеттік материалдық қор үшін сатып алынған тауарларды қосқанда) жергілікті бюджеттен 540 миллион теңге бөлінді. Бұрын-соңды тұрақтандыру қорына мұндай қомақты қаржы бөлінген жоқ, — деді «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Ермек Имантаев. Оның айтуынша, 2020-2021 жылдары маусымаралық кезеңге ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші үш қожалықпен — «СХФ Пригородный» ЖШС, «Еламан 2016» ЖШС және «Болат ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2550 тонна көкөністі жеткізу жөнінде 146,9 миллион теңгенің фьючерсті келісімшарттары жасалған. Көкөністерге алдын ала толықтай төлем жасалыпты.

Сондай-ақ облыс әкімдігі «Ақтөбе» ӘКК арқылысаудажелілері мен ірі дистрибьюторларға жеңіл несиелер беру арқылы қолдау көрсетіп жатыр. Бұл қаражатқа компаниялар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алып, облысқа жеткізуге тиіс. Мысалы, өңірдегі ірі көтерме және бөлшек сауда дистрибьюторы «Бриг» ЖШС-ына 500 миллион теңге көлемінде несие (1 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен) берілді. Қарыз алған кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізімінде көрсетілген 19 тауардың 9-ын жеткізеді. Осылайша өңірлік тұрақтандыру қоры нарықтағы бағаны реттеу және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік өнімдерінің қорын жасайды.

Облыс тұрғындарының игілігі үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру бойынша біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Halyq sauda» жобасы — осы мақсаттағы жұмыстардың бір парасы. Әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бағасы жіті бақылауда тұр, — деп, облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Halyq sauda» жобасы аясындағы сауда орындарын қыркүйектің 1-іне дейін ашуды тапсырды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button