Ауыл

Түлектер Талдыбұлақты тазалады

 Хромтау ауданы Бөгетсай ауылында 1993 жылы туған түлектер мектеп бітіргендеріне 10 жыл толуына байланысты өскен өлкені өркендетуге атсалысты. Осы мақсатта жастар «10 жылдыққа — 10 игі іс» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Ауыл жастары арасында шағын футболдан өткізілген турнир — соның бір көрінісі. Түлектер турнир жарнасына жиналған қаражатты ауыл тұрғынына күрделі ота жасатуға көмек ретінде берді. Сол сияқты олар облыс, аудан орталықтарынан тынығуға адам көп жиналатын ауыл территориясындағы Талдыбұлақ демалыс орнын тазалады. Демалыс аймағына Бөгетсай ауылы әкімдігінің қолдауымен 5 қоқыс жәшігін орнатты. Түлектер бір күнгі тазалық жұмыстарының нәтижесінде 2 «ГАЗ-53» көлігімен қоқыс шығарып, демалушыларға айналаны таза ұстау әрі қоқысты жинап кету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бөгетсайдағы 1993 жылы туған белсенді жастың бірі Еркебұлан Зәкіровтің айтуынша, алдағы уақытта олар ауылға «I love Bogetsay» стеласын орнатуды жоспарлап отыр.

Ләззат ӘБДІРОВА, Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button