Ауыл

Қызметкерлер  шұбат, кәсіпкелер дәрі-дәрмек әкелді 

Жақыныңа жанашыр бол!

Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаровтың бастамасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жұмыспен қамту орталығының ұжымы жұмылып,игі іс жасады.

Олар аудандық ауруханада емделіп жатқан науқастардың иммунитетін көтеру мақсатыннда шұбат пен қой етін аурухана асханасына табыс етті.

Ел басына күн туған осындай қиын-қыстау кезде науқастарға қамқорлық көрсетіп, қолдау білдіріп жатқан жерлестерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Күні кеше ғана аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығыныңқызметкерлері бірлесіп, аурухана асханасына 60 келі қой етін және 10 литр шұбат апарып берді. Тиісті еммен қатар иммундық жүйені нығайтуда қой сорпасының, қой етінің, ұлттық сусындарымыздың пайдасы зор екені белгілі. Міне, осыны ескеріп, аталған бөлімнің қызметкерлері мүмкіндіктеріне қарай көмек көрсетті. Бұл ізгі бастаманы аудандағы кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары да қолдап, қайырымдылық көресетеді деген үміттеміз.

Дәл қазір аудан кәсіпкерлері Қайсар Қалқаманов пен Асылбек Жалғасбаевтар аудандық ауруханаға дәрі-дәрмек табыс етіп жатыр, — дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Жақасов.

Оның айтуынша, Байғанин аудандық орталық ауруханада қазір 77 науқас ем қабылдауда. Оның 52-сі пневмонияға шалдыққан. Күндізгі стационарда пневмонияға шалдыққан 59 адам емделіп жатыр. Жалпы ауруханада 322 адам еңбек етеді. Олардың барлығы да жұмылып, індетке қарсы күресіп жатыр.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button