Денсаулық

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 22 жағдай тіркелді

(2020 жылғы 9-шілдедегі мәлімет бойынша)

Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындылары 1949, 1987, 1944, 1974, 1986, 1966, 1959, 1974 жылғы 8 әйел адамға, 2019 жылғы балаға, 13 ер адамға – 1989, 1936, 1967, 1956, 1963, 1983, 1968, 1950, 1960, 1976, 1965, 1964, 1950 жылғы азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың екеуі – Мұғалжар ауданынан, екеуі – Мәртөк ауданынан, біреуі – Ойыл ауданынан, біреуі – Алға ауданынан, қалғанының барлығы – Ақтөбе қаласының тұрғындары.

9 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген. Ал, 11 адамда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу кезінде, 2 адамда эпидемиологиялық бақылау барысында қауіпті індет анықталған.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

09.07.2020 ж. жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1988 адам тіркелген.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button