Денсаулық

Жансақтау бөлімінде 53 адам жатыр

Брифинг

26 маусымда облыста коронавирусқа шалдыққан 23 науқас және белгілері білінбесе де індет жұқтырған 27 адам тіркелген. Науқастардың басым бөлігі Ақтөбе қаласында болса, Мұғалжар, Шалқар, Байғанин, Қарғалы аудандарында бір адамнан тіркелген. 

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, шектеу шарасы 26 маусым күні сағат 22.00-ден бастап күшіне енеді және бұл 29 маусымға дейін жалғасады. Қаладағы шағын азық-түлік сататын дүкендер жұмыс істейді. Ал ірі супермаркет, гипермаркет секілді сауда орындары жұмысын тоқтатады. Бұл ғимараттарға дезинфекциялық жұмыстар жүреді. Сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көліктер тоқтайды. Оларға да дезинфекция жасалады.  Департамент басшысы тұрғындарды сабырлы болуға шақырды.

Облыс әкімінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Әсет Қалиевтің айтуынша, маусым айында өкпесі қабынған 1174  адам тіркелген. Оның ішінде 749 науқас стационарда ем алып жатса, 425 адам амбулаторияда емделуде. Облыс бойынша жансақтау бөлімінде 53 адам жатыр. Оның ішінде 29 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Облыстық туберкулезге қарсы диспансер жанынан төрт жүз орындық стационар ашылған. Бір күнде бұл жерге тоқсан жеті науқас жатқызылыпты. Әсет Қалиев медициналық көмек жан-жақты көрсетіліп жатқанын айтты.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфирде басшылар тұрғындар сауалдарына жауап берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button