Денсаулық

«Ана мен бала» саябағында  бетпердесіз жүргендер көп

Жақыныңа жанашыр бол!

Облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат  жөніндегі комиссия мүшелері өткен сенбіде кешкілік қаладағы  «Ана мен бала саябағында»  рейд жүргізді. Олар серуендеп жүрген қала тұрғындарына  қауіпті індеттен сақтану жолдары жазылған жадынама  таратып,  бетперде кию  мен арақашықтықты сақтау қажеттігін түсіндірді.

Сенбі күні кешкілік бұл саябақта  бетпердесіз серуендеп жүрген ересектер де,  балалар да көп болды. Әсіресе ойын алаңында топтаса ойнап жүрген бала қарасы өте көп екен. 12-шағын ауданның учаскелік полицейі Борантай Қаржаубаев пен  облыстық әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат туралы комиссия төрайымы Ақмарал Хон бетпердесіз, ойын алаңдарында  жүрген балалардың  ата-аналарына жақындап,  арақашықтықты сақтау мен бетперде кию, көпшілік жиналған жерде адамдардың өздерімен бірге залалсыздандырғыштарды  алып жүруіне  кеңес берді.

12-шағын ауданның учаскелік инспекторы Борантай Қаржаубаев: «Күн сайын кешкілік осы саябақта  біздің  тарапымыздан профилактикалық әңгімелер жүргізілгеніне қарамастан, көпшілік жұрт біздің  ескертпемізге  құлақ асып жатқан жоқ. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде бетпердемен жүргендер өте аз. Төтенше жағдай режимін алып тастағаннан кейін адамдардың бетпердесіз жүруі  әкімшілік-құқықықбұзушылық болып саналмайтындықтан,  біз  адамдарға  айыппұл сала алмаймыз. Егер де бұл жерде  шағын дүкендер жұмыс істесе, не осы саябақта балмұздақ, не самса сатып жүргендер болса ғана ҚР Әкімшілік  Кодексінің  478-бабымен айыппұл салып,  хаттама толтырып,  қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жібереміз», — дейді.

Комиссия мүшелері бұдан кейін де  қала саябақтарында тұрақты түрде рейд жүргізуді  жалғастыра береді.

                                                                                  Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button