Ресми

Ақтөбе облысының  бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

17.06.2020 ж.  №ПГСВ-36

 «Ақтөбе облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы»

Ақтөбе облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №33 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

  1. «Ақтөбе облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы» Ақтөбе облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №33 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) 1.2 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

3) «парктердегі стационарлық емес қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілерінің қызметі (дүңгіршектер, стационарлық емес объектілер және басқалар)»;

2) 2-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік, мал, автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарларының жұмыс режимі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін және дезинфекциялық қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен жуу, дезинфекция жүргізу үшін апта сайын дүйсенбі және бейсенбі күндері санитарлық күнге жабылады;»;

3) 2-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік емес дүкендердің, сауда орталықтарының, үйлердің, тұрмыстық техника дүкендерінің, құрылыс дүкендерінің ауданына қарамастан жұмыс режимі сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін және дезинфекциялық қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен жуу, дезинфекция жүргізу үшін апта сайын дүйсенбіде санитарлық күнге жабылады;»;

4) 2-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«адамдар көп жиналатын сауда, ойын-сауық орталықтары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс режимі сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін және дезинфекциялық қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен жуу, дезинфекция жүргізу үшін апта сайын сәрсенбіде санитарлық күнге жабылады;»;

 5) 2-тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«бір адамға 4 ш.м. есебімен (қызметкерлері мен келушілерді қосқанда) және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, букмекерлік кеңселердің, бильярд, боулинг-орталықтардың жұмыс режимі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;»

6) 2-тармақтың 13) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«діни ғимараттарда (құрылыстарда) тек жеке тәртіппен кемінде 1,5 м қашықтықты сақтай отырып, дұға жасау мүмкіндігін ұйымдастыру»;

 7) 3-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«көшелерді жаппай дезинфекциялау (жуу), әрбір рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне екі реттен кем емес), көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерін, балалар және спорт алаңдарын, отырғыштар мен орындықтарды, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жуу және өңдеу»;

 8) 6-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

««Қазпошта» АҚ филиалдарының жұмыс режимін онлайн форматта қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеу;».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                                            Н.БЕРКІМБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button