Абай — 175

Мәртөктіктер Абай өлеңдерін оқып жарысты

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты мәнерлеп жатқа оқудан онлайн байқау өткізілді.

Байқауға @martuk_museum инстаграм парақшасында барлығы 30-ға жуық қатысушы қатысты. Олардың арасында аудандағы балабақша тәрбиеленушілері, №1, 2, 3, 4 және Қазан негізгі мектептерінің оқушылары, мұғалімдер мен студенттер бар.

Олар ақынның өлеңдерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жатқа оқыды.

Жуырда аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері арнайы бейнежазба түсіріп, сайысты қорытындылады. Музей директоры Бақытжан Қалниязұлы байқауға қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларды және мектептерді Алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Айта кету керек, жуырда сондай-ақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Ұлдай Осанова мәдениет саласы мамандарының арасында өткен «Абай оқулары — 2020» байқауына қатысып, III орынды иеленді.

Ә.КЕЛБАТЫРОВА,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button