Жаңалықтар

Құқықбұзушылыққа тосқауыл

ҚР Ішкі істер министрлігі Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы Қорғаныс министрлігіне қарасты №30238 әскери бөлімінің, Әуе Қорғаныс Күштері Т. Бигелдинов атындағы әскери институтының, Ұлттық ұланға қарасты №6655 және ҚР Шекара қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшы құрамдарымен дөңгелек үстел өткізілді.
Онда әскери қызметшілер арасында құқықбұзушылықты бол-
дырмау, оның алдын алу мәселелері талқыланды.
Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Қайрат Зайыров әскери бөлімдегі мерзімді әскери қызметкерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және офицерлер құрамымен профилактикалық жұмыстарды жиі жүргізу жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button