Жаңалықтар

 «Шапағат» балабақшасы — тәрбиенің баспалдағы

Жас ұрпақты саналы әрі болашағын жарқын етіп тәрбиелеу үшін бірінші, ата-ана жауапты болса, екінші — балабақша. «Шапағат» бөбекжай-балабақшасының басты мақсатының да бірі — осы, яғни балдырғандарға заман талабына сай білім мен тәрбие беру.

Балабақша 2009 жылы ашылды. Мекемеге ардақты ұстаз Жадыра Әлібекова тағайындалды. Жаңадан ашылған мекеменің жұмысы бір ізге түсу үшін үлкен еңбек пен күш керек. Ол үшін мекемені басқарып отырған адам ісіне сенімді, өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқара білуі тиіс. Ал Жадыра Әлібекова осы талаптан шыға білді. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің шаруашылық және  тәрбиелік жұмыстарына қатар көңіл бөлді. Балалардың салауатты өмір салтын ұстанып, білімді, тәрбиелі болып қалыптасуына үлкен мән берді. Осы талапты қызметкерлеріне қойды. Оларды түрлі республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға қатыстырды. Педагог мамандар үнемі білімін жетілдіріп отырды. Қазіргі таңда «Шапағат» балабақшасы заман талабына сай өнерлі, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

Н.БЕРІКОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button