Денсаулық

Баға мен  бақылау

Облыста 366 дәріхана мен 40 дәріхана пункті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудаға шығарады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыс аумағында медициналық бетперденің тапшылығы пайда болды, соның салдарынан алыпсатарлық фактілер анықталды. Экономикалық тергеу департаменті жіберген материалдар негізінде облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті  қызметкерлерімедициналық бетперделерді заңсыз сату фактісі бойынша жеке тұлғаға әкімшілік іс қозғады.

Облыс тұрғындарын бетпердемен қамтамасыз ету үшін «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС іске кірісті. Осы кезеңге дейін серіктестік 864 700 медициналық бетперде шығарды.

Төтенше жағдай кезінде облысқа Қытай Халық Республикасынан 3 446 000 дана  медициналық бетперде, 1008 дана пирометр, 24 000 дана экспресс-тест әкелінді.  ҚХР аумағынан 4 000 000 медициналық бетперде қосымша тағы әкелінбек.

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен жеке қорғану құралдарын (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері), I,II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдерін немесе бір реттік қорғаныш бұйымдарын (обаға қарсы костюмдер, медициналық бетперделер, респираторлар, халаттар, қолғаптар) сыртқа әкетуге тыйым салынды.

COVID-19 індетінің таралуының жағымсыз экономикалық салдарларын азайту, ЕАЭО елдерінде әлеуметтік маңызды тауарлардың тапшылығын болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2020 жылы 16 наурызда №21 шешім шығарды. Осы шешімге сәйкес, кедендік одақ аумағынан әкелінетін тауарлар кедендік баж салығынан босатылды. Бұл шешім ең алдымен жеке қорғану және дезинфекциялық құралдарға, диагностикалық реагенттерге, медициналық жабдықтар мен материалдардың жекелеген түрлеріне қолданылады.

Дәріхана қызметкерлері халыққа антисептик ретінде қызметтің осы түріне лицензиясы және GMP тиісті өндірістік практика талаптарына сәйкестік сертификаты бар жергілікті өндіруші — «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС-ның өндірген этил спирті, хлоргексиинді, сутегі асқын тотығы өнімдерін ұсынады. Қазіргі күні антисептик жетіспеушілігіне қатысты мәселе жоқ.

Департамент қызметкерлері дәрілік заттардың бағасына, көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған 6191 атаулы дәрілік заттардың шекті бағасына мониторинг жүргізеді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын көтеру фактісі бойынша халықтан шағым түскен жоқ.

Егер баға көтерілген  жағдайда тұрғындар департаментке 55-75-18,55-75-19 телефондары арқылы хабарласа алады.

Сонымен қатар дәріханалардағы медициналық бетперделер туралы ақпарат департменттің ресми аккаунтында жарияланады. Тұрғындардан  түскен барлық сұрақтарға уақытында жауап беріледі.

С. ЕСКЕНДІРОВ,

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button