Абай — 175

Кітап оқудан емтихан ұйымдастырылды

Марафон

Ақтөбедегі М.Құсайынов атындағы облыстық мектеп-интернатында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған  «Шын хакім, сөзің асыл — баға жетпес» тақырыбында марафон бастау алды.

Ақынның өлеңдері мен ой-толғамдары ешқашан өзектілігін жоғалтпақ емес. Бұл мұралар — ұрпақ үшін рухани азық.  Ұлы ақынға деген құрметін көрсету мақсатында мектебіміздің ұстаздары мен  тәрбиешілер, ата-аналар, оқушыларымыз барынша белсенді болды.

Марафонның бір бағыты — ақынның қарасөздеріне қатысты пікір жазу. Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген тағылым бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Марафон кезінде қарасөздерге қатысты көтерілген мәселе, астарлы ой, оның тәрбиелік мәні  туралы үздік  пікірлер инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланды, — дейді мектеп-интернат директоры Нұрбек Аманов.

Жобаның мақсаты — кітап оқуды насихаттап, оқушылардың әдеби туындыларға деген қызығушылығын  арттыру.

Марафон аясындағы шаралар онлайн жүргізілді. Хакім Абай кітап рухани азықтың бастау бұлағы екендігін атап өткен. Сондықтан марафон кезінде жазушы Мұхтар Әуезовтің  ақын өміріне арналған «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші томын оқып, танысқаннан кейін, ата-аналар мен мұғалімдер, оқушылар арасында сырттай емтихан  ұйымдастырылды. Жалпы Абай мұрасы кім-кімді де рухани биікке жетелейді, саналылыққа тәрбиелейді. Ақынның мұралары жастарымыз үшін әрдайым темірқазықтай бағдар болары сөзсіз, — дейді Н. Аманов.

Марафон жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Арайлым НҰРБАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button