Денсаулық

13 адамнан  коронавирус анықталды

Облыста індет жұқтырғандардың жалпы саны — 160. Оның ішінде 16 науқас жазылып, үйіне шықты. Қазіргі таңда 144  науқас ем алып жатыр. Олардың қатарында 8 бала бар. Жалпы осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырған 11 бала тіркелген. Оның үшеуі жазылып, ата-анасымен қауышты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, соңғы екі күнде тағы 13 науқастан коронавирус анықталған. Оның алтауы «Теңізшевройл» компаниясында вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Қалаға келгеннен кейін карантинге алынып, тексерілген кезде сараптама қорытындысы індеттің бар екенін көрсетті. Ал қалған жеті адам індетпен күресуге жұмылдырылған азаматтармен байланыста болғандар. Сондай-ақ індетке шалдыққандардың ішінде бір үйден бірнеше адам бар, яғни әкесі мен екі баласы індет жұқтырған. Қазір науқастардың барлығы боксталған палатаға жатқызылып, қажетті емін алып жатыр. Ем алушылардың ішінде пневмонияға шалдыққан бір науқастың жағдайы ауыр болса, екі адамның жағдайы қанағаттанарлық. Ал өзге науқастардың денсаулығы қалыпты.

Басқарма басшысы қажетті медициналық шаралардың барлығы жасалып жатқанын айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button