Құқық

626 адам тәртіп бұзған

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзғандарды анықтап жатыр.

Осының нәтижесінде 626 дерек тіркелді. Оның ішінде 138 адам қамауға алынса, 184 адамға айыппұл салынды. Ал 27 адамның ісі сотқа жіберілді. Сондай-ақ блок- бекеттерді заңсыз айналып өтпек болған 31 адам тіркелген. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын да тұрғындар бар. Мәселен, Ембі қаласының тұрғыны қорғаныс құралдарынсыз азық-түлік дүкеніне барған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция департаменті қала тұрғындарына қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, талапты орындауды ескертеді. Қатаң талаптардың барлығы аурудың таралмауы үшін жасалып жатыр. Сондықтан әрбір тұрғын қауіпсіздік шараларын сақтап, жеке қорғану құралдарын, яғни медициналық бетперде мен қолғап киіп жүру керек. Аса қажет болмаса,далаға шықпағаны жөн. Департамент тұрғындарға осы талаптарды орындауды тағы бір мәрте ескертеді.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button