Денсаулық

Індеттен сақтан!

Коронавирус көптеген елдерге, тіпті тұтас континент терге жоғары қарқынмен, эпидемиялық, пандемиялық сипатпен тарала бастады. Өткен жылдың күзіне дейін бұл вирустың тіршілік ету ареалы негізінен кейбір жануарлардың ағзасы мен шектелетін, бір ақ белгісіз себептермен ол кездейсоқ адам ағзасына түсіп, онда тіршілік етуге өте жылдам бейімделіп алды.

Вирустың  тіршілік ету ортасын өзгертуі ең алдымен мутациялық өзгеріс нәтижесінде адамның тыныс жолдары шырышты қабатының эпителиальды жасушаларына сәйкес келіп, жабыса алатын жаңа белок түзді. Коронавирустың сыртындағы тәж тәріздес молекулалар адам жасушаларының сыртындағы трансмембраналық рецепторлармен байланысып, жасуша қабырғасында ойық пайда болады. Сөйтіп, осы жерден жасушаға вирус РНҚ-сы енеді. Ал бұл нәруыз мөлшері балалар мен жасөспірімдерге қарағанда,  егде адам жасушаларында өте көп, сондықтан олар ауруға бейім.

Бұл құбылыс індет ошақтарындағы эпидемиологиялық ахуалдан анық байқалады. Барлық абсолютті паразиттер сияқты коронавирус та табиғатта өз бетінше тіршілік ете алмайды. Вирустың қоршаған ортада сақталу ұзақтығы оның температурасына, ылғалдылығына байланысты. Құрғақ, ыссы ортада вирус физикалық биологиялық ыдырауға жылдам ұшырайды, яғни оның басқа адамға берілу мүмкіндігі азаяды. Сондықтан күн ыси, ауа құрғай келе індет қарқыны баяулайды.

Жалпы кез келген індет үрдісі үш кезеңге бөлінеді. Ол — инфекция көзі, қоршаған орта және қоздырғышты қабылдайтын организм. Індетке қарсы шаралар осы үшеуіне бағытталады.

Елімізде енгізіліп отырған төтенше жағдай, шектеу шаралары аурудың таралуына жол бермейді. Шектеу талаптарын орындасақ қана індеттен құтылуға болады.

Аталған ауру белгілерін әр адам білуі тиіс. Ауру жұқтырған адамның  тыныс жолдары қабынады, жөтеледі, денесі қызады. Бұлшық еттері ауырып, құсады. Ауру өрши келе өкпе қабынады. Бұндай кезде науқастың жағдайы күрт нашарлайды. Бұл жағдайда ешқашан өз бетінше емделуге болмайды,  дереу жедел жәрдем шақыру қажет.

Вирус негізінен адам көп жиналатын жабық ғимараттарда жұғады, сондықтан аса мұқтаждық болмаса, ондай жерлерге бармаған дұрыс. Бара қалсаңыз, бетперде, респиратор қолдану керек. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, ауыз-мұрын қуысын жылы сумен жиі шаюды әдетке айналдырғаныңыз жөн.

Қытай, Оңтүстік Корея тәжірибесі көрсеткендей, санитарлық-гигиеналық шараларды мұқият орындау аурудың алдын алады. Әлем ғалымдары вакцина жасауды қолға алды. Алайда оны жасау үшін көп уақыт қажет. Сондықтан санитарлық талаптарды орындап, тәртіпке бағыну керек.

Ш.НАСУХИН,

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің

микробиология, вирусология,иммунология кафедрасыныңдоценті, медицина ғылымыныңкандидаты.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button