Пікір

Ауыз біршілік – қанымызға сіңген қасиет

Серік БОТАҒАРИН,
еңбек ардагері, Мәртөк ауданының құрметті азаматы

Тәуелсіздіктің ең қиын, күрделі кезеңдерінде елімізді басқарған, халықтың ертеңге деген сенімін шыңдай білген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргідей барша әлем алаң күйкешкен сәтте жұртты сабырға шақырып, өзінің ақтілеулі сөзін арнауы өте орынды. Елбасының ұлы Абайдың «Кімге достығың болса, достық достықты шақырады» деген сөзін алға тартуында үлкен мағына бар. Бұл – біздің ұлттың өзіне тән болмысын сипаттайтын сөз. Біздің халқымыз – жаулықтан гөрі, достыққа бейім, достыққа әрдайым тек достық пен жауап беруге дағдыланған жұрт. Ауызбіршілік – біздің қанымызға сіңген қасиет. Қандай қиын шақта да тек ауызбіршілікке жүгінудің арқасында біз осынау ұлан-ғайыр даланың иесі болып, осы күнге аман жеттік.Ынтымақ-бірліктің арқасында бүгінгі қиындықты да жеңетініміз сөзсіз. Қазір халық ертеңгі егінге, «азық-түлік жеткілікті бола ма?»деген мәселеге де алаңдап отыр. Бұған келсек, ұзақ жылдар ауылшаруашылығы саласында істеген тәжірибелі адам ретінде айтарым, биылғы жауын-шашынның молдығын зор сәттілікке балауымыз керек. Жауын-шашын – егіннің, малдың қоңды болатындығының кепілі. Сондықтан бұл жағынан сары уайымға салынудың еш жөні жоқ.
Қауіпті вирустың кеңтаралуының алдын алу үшін ел билігі тарапынан қолға алынған шараларды өзх алқымыз да, шетелдік сарапшылар, соның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да қолдап отыр. Дер уақытында дұрыс шешімдер жасалды. Соның нәтижесінде бұл қауіптен халқымыз аман, абыройлы өтеді деп үміттенеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button